Share

cover art for ҒЫЛЫМ 2.0

ҒЫЛЫМ 2.0

«Ғылым – 2.0» подкасты қазіргі ғылымның жай-күйі туралы баяндайды. Қазақстанның жетекші ғалымдарының өзекті ойлары мен құнды пікірлері өзара талқылау кезінде пікір алуандығымен айқындалады. Алдыңғы буын мен кейінгі толқы

Latest episode

  • «Ғалымға табандылықтың табандылығы керек»

    01:20:40|
    ⚜️ «Ғылым 2.0» подкастының бұл шығарылымында ғалым болмысы, ғалым болу үшін адам бойында болуы тиіс қасиеттер сөз болады. ⚜️ Ғылым дамуы үшін ғалымға жасалатын жағдай қандай болуы керек, ғылым қай жағдайда алға жылжиды деген сауалдар төңірегінде жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдар өкілдері ой бөліседі. ⚜️ Ғалымдар деңгейін көрсететін әлемдік бағалау жүйелерінің артықшылығы мен кемшіліктері айтылады.⚜️ Спикерлер:🔹 Рәтбай Мырзақұлов - PhD, Ұлттық ғылым академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ЕҰУ жанындағы Халықаралық теориялық физика орталығы кафедрасының меңгерушісі.🔹 Айдар Балабеков – Назарбаев университетінің оқытушысы, Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ докторанты, қазақ тілін үйретуге арналған оқулықтар авторы, қазақ тілінің лексика-грамматикалық минимумының құрастырушысы.

More episodes

View all episodes

  • «Ғылыми-техникалық бизнес – әлемнің болашағы»

    01:19:37|
     «Ғылым – 2.0» подкастының бұл эпизодында Қазақстан мен әлемдегі жаратылыстану ғылымы сөз болды.⚜️ Сутектік энергетиканың қазіргі маңызы мен бұл бағыттағы зерттеу жұмыстарының өндірістік нәтижесі айтылды. ⚜️ Мемлекет тарапынан ғалымдарға қандай жағдай жасалған және қай бағытқа ден қою керек деген мәселе жан-жақты талқыланады. ⚜️ Спикерлер:🔹 Қайрат Күтербеков – PhD, Еуразиялық физика-энергетикалық зерттеулер және ғылымды қажет ететін технологиялар институты» ҒЗИ директоры, профессор. 🔹 Еламан Айбұлдинов – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының басқарма төрағасы.🔹 Подкаст жүргізушісі Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің қауымдастырылған профессоры, кино және медиа саласының зерттеушісі, PhD Молдияр Ергебеков мырза.
  • Кез келген ғылым тіл арқылы жасалады

    01:19:37|
    «Ғылым 2.0» подкастының кезекті эпизодында қазақ тілінің жаңа технологиямен синтезді дамуы сөз болады. Жасанды интеллектінің тіл дамуына және тіл үйренуге ықпалы мен тіл тазалығына әсері айтылды. Ғылым дегдарлығы бойынша тіл – бірінші ғылым, ал басқа барлық сала тіл арқылы ғана дамиды, қолданылады деген түйін жасалады.
  • Қазақ тілді контенте бос кеңістік көп

    01:22:21|
    «Ғылым – 2.0» подкастының бұл шығарылымында спикерлер қазақ тілді контент жайын тілге етеді. Ғылыми құбылыстар мен ақпаратты, тарихты және т.б. тақырыпты қазақ тілді аудиторияға жеңіл әрі қарапайым тілде жеткізу жайы сөз болады. Сонымен қатар әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарға деген қоғам көзқарасы және ондағы өзекті мәселелер мен оның қоғамға әсері талқыланады.
  • Қазақ тілінің мәйегін көне қолжазбалардан іздеу керек

    01:13:54|
    «Ғылым – 2.0» подкастының бұл эпизодында қазақ тілі мен қазақ әдебиетіндегі тенденциялар, ғалымдарға қойылатын талап пен кедергілер, білім беру жүйесіндегі кемшіліктер сөз болған. Көне түркі, қазақ әдебиетінің ұлттық санаға, ұлттық болмысқа ықпалы мен әлемдік ғылымдағы орны талқыланады. Қазақ тарихы, мәдениеті мен әдебиеті әлемдік тұтастық үшін құнды деген тоқтам айтылады.  
  • Археология – тарихты жаңа қырынан көрсететін ғылым

    01:06:46|
    «Ғылым – 2.0» подкастының кезекті эпизодында тәуелсіздіктен кейінгі Қазақстан археологиясы мен осы ғылымның заманауи әлеуетіне бағытталған қадамдар турасында сөз қозғалады. Елімізде археологтарды кімдер даярлайтыны, жылына қанша экспедиция жасалып, жәдігер қазбалар қалай қорғалатыны туралы, сондай-ақ археологиядағы ең өзекті мәселелер хақында айтылады.
  • Медицинадағы жасанды интеллект: плюсі мен минусы

    01:18:32|
    «ҒЫЛЫМ 2.0» подкастын тыңдауға шақырамыз!Бұл жолы отандастарымыздың медицина қызметкерлеріне деген көзқарасы, азаматтық қоғамның елдік құндылықтардың дамуына тигізер пайдасы туралы сүбелі ойлар айтылып, медицинадағы жаңалықтар, startup индустрия мен нейрохирургия және генетиканың еліміздегі дамуы туралы кеңінен баяндалады.Подкаст қонақтары - әлемнің жетекші клиникаларында тәжірибе алмасып жүрген үздік нейрохирург, ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы директорының хирургия жөніндегі орынбасары Мыңжылқы Бердіқожаев және коронавирусты санаулы минутта анықтайтын экспресс-тест жүйесін ойлап тапқан ғалым, startup кәсіпкер, Ноттингем Университетінде оқыған генетик Болат Сұлтанқұлов.